Жауынгер гарнизоннан қашып кетті
3 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. іздестірілуде, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен.
Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар