00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды

Жастар арасында «Uly dala saryny» сыйлығына байқау басталды
Фото: дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жобаның мақсаты – табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.

Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.

Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:

«Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024»;

«Үздік қоғамдық қызметкер – 2024»;

«Үздік жастар ұйымы – 2024»;

«Жастар үні – 2024»;

«Үздік медиа тұлға – 2024».

Өтініштер 26 қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Толығырақ мына жерден білуге болады.