Жаңбыр жауып, жел соғып, тұман түседі
13 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Респубилканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ екпінді жел соғып, тұман түседі. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр соңы қарға ұласады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда күндіз бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +14+16°С.
Шымкентте түнде және таңертең күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +9+11°С.
Ұқсас жаңалықтар