00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жазда қала маңындағы бағытта қосымша екі электр пойызы қатынайды

Жазда қала маңындағы бағытта қосымша екі электр пойызы қатынайды
Фото: дереккөз

Ұлттық тасымалдаушы жаз мезгілінде жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты қала маңындағы бағытта қосымша маусымдық №457/458 «Семей-Шар» және №459/460 «Өскемен-Ақтоғай» электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлады Elorda.info.

Пойыздар келесі кесте бойынша жүреді:  

- 1 маусымнан 30 маусымға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта – жұп күндері сағат 13:50-де жүреді;

- 1 шілдеден 31 тамызға дейін: бір күн аралықпен тақ күндері. Семейден 16:45-те және Өскеменнен 15:55-те жөнелтіледі, кері бағытта – жұп күндері 12:55-те жүреді.

Қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қолжетімді. Семей-Шар бағыты бойынша плацкарт билеті — 4 322 теңге, купе — 6 226 теңге, Өскемен-Ақтоғай бағыты бойынша: плацкарт — 5 144 теңге, купе — 7 543 теңгені құрайды.

Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар сайттағы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларындағы тегін «Күту парағы» қызметін пайдалана алады.