Құйрықтыкөлде 20 млн тонна сирек металл қоры бар ма: министрлік өкілі жауап берді

Бүгін, 16:11
Айман Нығмет Айман Нығмет
Құйрықтыкөлде 20 млн тонна сирек металл қоры бар ма: министрлік өкілі жауап берді
Фото: ortcom_kz

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров Құйрықтыкөл учаскесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұған дейін Құйрықтыкөл учаскесінде 20 млн тонна сирек металл бар және ол дәленденсе, Қазақстан сирек металл қоры бойынша үшінші орынға шығатыны туралы түрлі болжам айтылды. 

Ерлан Ақбаровтың сөзінше, аталған учаске мемлекеттік бюджет есебінен жасалған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған. 

«Бүгінде  ол жерде  болжам бойынша сирек металл қоры бар. Болашақта ол жерде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілейін деп жатыр. Оны ұлттық тау-кен компаниясы жүргізеді. Сол кезде инвестор мәселесі қаралатын болады. Қазіргі қоры 1 млнға жуық, бірақ болашақтағы ауқымы үлкен зерттеуді талап етеді. Мәселен, кен қорын анықтайтын С2 санаты бойынша 1 млн тоннаға жуық қор бар. Ал В1, В2, В3 санаттары бойынша қор 20 млн тоннадан асуы мүмкін. Бірақ ол дәлелдеуді талап етеді»,- деді Геология комитетінің төрағасы.