«Ғылыми негіздеме керек»: министр киіктерді ату туралы сұраққа жауап берді

15 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Ғылыми негіздеме керек»: министр киіктерді ату туралы сұраққа жауап берді
фото: Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынынан кейінгі өткен баспасөз конференциясында ақбөкендер санын реттеу туралы қандай шара жүріп жатқанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

БАҚ өкілдері министрге «Киіктердің санын қысқарту мақсатында нақты қандай шара қолданылады?» деп сұрады.

«Біз ғалымдарды жинап, оларға киіктерге байланысты сұрақты қойдық. Шетелде көп жылдан бері киіктермен айналысатын серіктестеріміз бар. Біздің ғалымдар олармен бірге осы мәселені зерттеуде. Бізге ғылыми негіздеме керек, онсыз әрекет ете алмаймыз. Келесі аптада олар нақты жауап береді. Бүгінде елімізде 4 млн-ға жуық киік бар»,- деді министр. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін министр киіктердің санын реттеу үшін екі тәсіл барын айтқан еді.