Түркістанда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктерге қатысты тергеу жүріп жатыр
19 тамыз, 2024


Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоға сілтеме жасап.
Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше, аталған департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.
Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар тергеу жүргізу Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады