Түркияда мешітке жиналғандарға шабуыл жасалды
19 тамыз, 2024


Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Түркияның Ескішехир қаласында бетін тұмшалап, нацистік таңбалар бар кеудеше киген ер адам мешітке жиналған жамағатқа шабуыл жасады, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, шабуыл салдарынан 5 адам жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр.
Азаматтарға балта мен пышақ ала жүгірген күдікті – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Ол өзінің шабуылын әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы таратқан. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оның мұндай әрекетке баруына «Call of Duty» компьютерлік ойыны әсер еткен.
Қазір күдікті қамауда. Оқиға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады