00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Төреғалидің әйелімен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті

20 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төреғалидің әйелімен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті
Видеодан скриншот: Instagram/toregalitoreali

Белгілі әншінің әлеуметтік желіде жарияланған видеосы көпті ойландырып қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Желі оқырмандары әншінің әйелі Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр деп болжап, пікірлер жазып жатыр.

Тағы аяғы ауыр ма?», «Бақытты болыңдар», «Құттықтаймыз», «Жарасымды әрі әдемі жұп» - деп жазды әншінің оқырмандары.

Бейнежазбада әнші әйеліне гүл шоғын тарту етіп, маңдайынан сүйеді. Сондай-ақ шоу-бизнес өкілі төмендегідей жазба қалдырған.

 Маған ешкім ұнамайды сен ұнайсың,

Маған ешкім шыдамайды сен шыдайсың.

Бағымның да тең жартысын сен құрайсың

Ғашық болып көрмеп едім мен бұлай шын! - деп жазды әнші.