Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңға жуық өтінімді өңдеді

Бүгін, 13:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңға жуық өтінімді өңдеді
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы

2025 жылғы 14-20 шілде аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 17 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасына сілтеме жасап. 

Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 877 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 119 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы азаматтардың өтінімдері қабылданды.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:

- 1403 байланыс орталығы;
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).