Телеарналар мен радиостанциялар жұмысын уақытша тоқтатады
Эфирлік желілердің техникалық құралдарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты елімізде бір тәулікке телеарналар мен радиостанциялар өшіріледі, деп хабарлады Elorda.info "Қазтелерадио" АҚ ресми сайты сілтеме жасап.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлім етті. "Осыған байланысты биыл 8 қарашада сағат 3:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» АҚ ел тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.