«Тарифтер көтерілсе, тазалыққа кепілдік бере аласыз ба»: министр жауап берді


Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынынан кейінгі өткен баспасөз конференциясында қоқыс шығару тарифі туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министр журналистердің «егер тарифтер көтерілсе, біздің ауламыз таза болатынына кепілдік бар ма?» деген сұрағына жауап берді.
«Бұл жерде барлығын тариф бағасымен байланыстыруға болмайды. Бүгінде осы мәселені шешу үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша 67 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Көп аудандар мен ірі қалалар қалдықтарды басқарудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етпейді. Алдымен қоқыс жинауға қанша орын қажет және оған неше контейнер қою керек екенін анықтау қажет. Одан кейін қоқысты шығару үшін қанша техника керек екенін білу керек. Осының барлығын әкімдіктер жүйелі қараса, сонда ғана біз нәтижесін көреміз»,- деді Ерлан Нысанбаев.