Түркістанда полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі

7 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Түркістанда полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысында полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Соның барысында Созақ ауданының таулы аймағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егудің ірі плантациясы анықталды. Нәтижесінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында ұсталды.

Мұнда күтіп-бапталған 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнар есірткі өсімдіктері мен тіркелмеген қару тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдіктердің салмағы 700 келіні құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда анықталған дерек бойынша қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.