Түркістан облысында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік ұсталды

фото: Оңалхан Өнерхан
Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Қазақстан шекарасынан өту кезінде «Капланбек» шекара пунктінде «SIM-box» құрылғысын жеткізген қылмыстық топтың сыбайласы – көрші елдің азаматы ұсталды.
Бұл құрылғы алаяқтарға отандық мобильді нөмірлер арқылы тұрғындармен байланысып, өз ізілерін жасыруға мүмкіндік берген.
Қазір шетел азаматының басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Қосымша ақпараттар Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы бойынша жарияланбайды.
Ұқсас жаңалықтар

4 қазан, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталады

3 қазан, 2025
Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

3 қазан, 2025
Бас прокурор Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды

3 қазан, 2025
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды