Су тасқыны: Ақмола полицейлері адамдар мен малды эвакуациялап жатыр
Ақмола облысында полицейлер адамдар мен малды эвакуациялап жатыр, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері үшінші апта Ақмола облысында су тасқынымен күресуде. Бүгін Сандықтау ауданы Каменка ауылынан 18 үйден 43 тұрғын және 48 бас мал эвакуацияланды.
Сондай-ақ Сандықтау ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері 284 адамды эвакуациялады, оның ішінде 32 бала, 8 мүгедек.
Әкімдік қызметкерлері, полиция және ТЖ қызметкерлері, әскери қызметшілер адамдарға заттар мен малды құтқаруға аянбай көмектесіп жатыр. Бүгінгі таңда су басудың жоғары деңгейі Аршалы, Астрахан, Атбасар, Сандықтау және Целиноград аудандарында анықталды. Су басудың орташа деңгейіне: Көкшетау қаласы, Қосшы қаласы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Қорғалжын және Шортанды аудандары жатады.
Су тасқыны кезінде облыс бойынша 2125-тен астам адам эвакуацияланды, оның 1907-сі өз үйлеріне оралды. Күн сайын 300-ге жуық полиция қызметкері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.
Ақмола облысындағы жағдай тұрақты күрделі, бірақ менің ойымша, біз бәріміз алдымызда тұрған міндеттерді орындап жатырмыз, – дейді Ақмола облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Ерболат Хусаинов.
Ерболат Хусаинов айтуынша, полицейлердің негізгі міндеті – су басу аймағында қалған азаматтардың мүлкін тонауға жол бермеу, рұқсат беру жүйесі объектілерінде қарудың, оқ-дәрілердің, күшті әсер ететін улы заттардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ аймағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және халықты эвакуациялауға көмек көрсету.