Су саласының мамандары АҚШ-та білім алып жатыр

Бүгін, 13:03
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Су саласының мамандары АҚШ-та білім алып жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатыр. Оқу The International Visitor Leadership Program аясында өткізіліп, 22 сәуірде аяқталады. Курс тақырыбы – АҚШ-тағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру.

«Оқу барысында АҚШ-тың су ресурстарын басқару саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеуге, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тың негізгі су инфрақұрылымы нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысады», - деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.