Смайылов ҚТЖ дефолт болуы мүмкін екенін мәлімдеді
Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өз міндеттемелерін толық өтеуге қабілеті жоқ екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Компания кредиттік тәуекелдің «қызыл аймағында» тұр. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 триллиона теңгені құрады және әлі де өсуде. Жалпы борыштың 45 проценті немесе 1,3 триллион теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар қаржылық және техникалық жай-күйді сауықтырудың нақты мерзімдерін айқындап, ҚТЖ компаниялар тобы шығындарын оңтайландыру қажеттігіне назар ауданды.
Бұл ретте «Самұрық - Қазына» АҚ-ның қазіргі басқару әдістері мен даму стратегиясы еліміздегі Ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын болдырмауға қабілетсіз. Активтердің жай-күйінің нашарлауы, борыштардың өсуі және оларды уақытылы қайтарудың мүмкін болмауы басқарудағы түбегейлі өзгеріссіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады, - деді ол.