ШҚО-да демалыс базасында өрт шықты

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы демалыс базаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Риддер қаласының маңындағы жеке демалыс базасының аумағында 70 ш. м. алаңда моншаның ағаш конструкциялары өртенді.
«Өрт сөндірушілер өртті жойып, жалынның басқа ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады