Өскеменде көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 10 адам эвакуацияланды

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 4 адам құтқарылып, 10-ы эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ хабарлауынша, Өскемен қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.
«Өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, оның үшеуі балалар, түтін аймағынан 10 тұрғынды эвакуациялады. Пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген. Өрттің аумағы 30 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады