00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Өскемен тұрғынын сүйіктісі 10 млн теңгеге алдап кеткен

6 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Өскемен тұрғынын сүйіктісі 10 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: freepik.com

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған. Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құраған.

Қазіргі таңда полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қаражатын қарызға беру мәселесінде аса мұқият болуды ескертеді.

«Тіпті бұл өтініш жақын таныстарыңыздан түссе де, қаржылық шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойланып, тәуекелдерді бағалаңыз. Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтық әрекеттің құрбанына айналсаңыз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.