«Шерзатты өзінің әкесі өлтірді»: Желіде даулы мәлімдеме жасаған блогер жазаланды

Әлеуметтік желіде «Доктор» лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахман марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлын өлтірді деп ашық айыптады. Сот бұл іске қатысты шешім шығарды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот шешіміне сәйкес, блогер жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді.
«Докторға қатысты тағы бір сот шешімі шықты! Бұл жеңістің дәмі бөлек. Қаржаубайға жала жауып 20 тәулікке қамалған «Доктор» бостандыққа шыққаннан соң, тағы бір сот шешімін орындауға міндеттелді .Бұл сот шешімінің кереметтілігі, Шерзаттың отбасын тоқтаусыз қаралаған Доктор жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді. Ал 400 000 теңге моральдық шығын және 500 000 теңге өкілдік қызмет ретінде төлеуге міндеттелгені оның қасында жәй түкке тұрмайтын жеңістердің бірі ғой. Заң бәріне ортақ»,- деп жазды заңгер.



