00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Семейде жоғалып кеткен оқушылар аман табылды

4 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Семейде жоғалып кеткен оқушылар аман табылды
фото: polisia.kz

Семейде жоғалып кеткен 12 және 7 жастағы екі оқушы аман табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 қыркүйекте сағат 10.34 кезінде полицияға хабарласқан Семей тұрғыны үш күн бұрын үйден шығып, әлі оралмаған 12 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Бала бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған, бірақ қайтып оралып отырған. Сол күні тағы бір адам аулада ойнап жүрген 7 жасар баланың жоғалып кеткенін хабарлаған.

«Балаларды іздеуге полицияның кешенді күштері жіберілді. Полицейлер еріктілермен, мұғалімдермен және бейқам қалмаған азаматтармен бірге тұрғылықты жеріне жақын жерлерді қарайды. Іздеуге барлығы 12 топ жіберілді, сонымен қатар полицияның кешенді күштерінің сыртқы нарядтарынан 170 адам бағдарланды.  Іздеу күндіз-түні жүргізілді, қараусыз қалған ғимараттар, ойын-сауық орындары тексерілді. Тәртіп сақшылары іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камераларын да қарады», - делінген хабарламада.

3 қыркүйекте кәмелетке толмағандарды жергілікті тұрғын балалар алаңындағы көпірдің астынан тауып, еріктілер мен полицияға ақпарат береді. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне аман-есен оралды. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ересек бала мінез-құлқын түзету үшін ювеналды полицияның есебіне қойылады.