СҚО-да 4,3 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 4,3 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады, оның 3 млн га – астық, 978,8 мың га – майлы дақылдар, 392 мың га – жемшөп, 8,6 мың га — картоп және 1,4 мың га – көкөніс, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күзгі дала жұмыстарына шаруаларға 58,2 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді.
Егін жинау науқанына 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды, оның 4 мыңға жуығы – қазіргі заманғы өнімділігі жоғары модельдер, 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың орақ және 5,6 мың жүк автомобильдері. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы машиналарының паркі 3%-ға жаңартылды: 36,5 млрд теңгеге 1 360 бірлік техника сатып алынды.
Облыста жаңа егінді сақтау үшін шамамен 7 млн тонна сыйымдылық орны құрылды, оның ішінде 3,2 млн тонна – 45 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне «Кең Дала» және «Кең Дала-2» бағдарламалары аясында қолдау көрсетіледі — бүгінде 97 млрд теңге қаржыландырылды.



