00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

СҚО-да 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

13 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
СҚО-да 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Elordainfo.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы пайдаланылмаған жерді анықтау және қайтару бойынша атқарған жұмыс нәтижесінде жалпы аумағы 25,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл басынан бері прокурорлар мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды.

«Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау шараларымен сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылуда», - деп көрсетті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.