00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресейден жеткізілген қызанақ тұқымынан қауіпті патоген анықталды

22 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресейден жеткізілген қызанақ тұқымынан қауіпті патоген анықталды
фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан

«Астана темір жол» ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында Ресейден әкелінген 2700 дана бума пакеттегі қызанақ тұқымдарынан қауіпті вирусті анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

АШМ (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі) баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпті патоген анықталған өнім елорда аумағына енуінің алды алынды және «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртелді.

Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылдарды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнімнің 80% -ы жойылуы мүмкін.

Аталған факті бойынша ӘҚБК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңгеге айыппұл салынды.