Қазақстандағы референдум бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды
«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және азаматтардың 30,2%-ы келіспейді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс – А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев осындай мәліметтерді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша 2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізілген күні дауыс беруге арналған учаскелерден шығуда exit-poll әдістемесі бойынша азаматтардың ерік білдіру нәтижелерінің алдын ала есебін жүргізді.
Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстан Республикасының 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұрағына қалай жауап бергені сұралды.
«Exit-poll қорытындысы мынадай: Дауыс беруге қатысқан сауалнамаға қатысқан азаматтар санының 69,8%-ы АЭС құрылысын «қолдап» дауыс бергендерін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысушылардың 30,2%-ы өздерінің келіспейтіндерін айтқан. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3% деңгейінде тіркелді. Деректердің қателігі - ± 1,5% құрайды», - деді Әлібек Тәжібаев.
«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген.
Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.