Qarmet металлургия зауытында екі адам қаза тапты
Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі қызметкер қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Олар табақша металл илемдеу цехында бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктен құлаған.
«2024 жылы 25 тамызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында Qarmet АҚ ЛПЦ-2 (№2 Листопрокат цехы) нысанында қайғылы оқиға орын алды. Таңғы сағат 9:20 шамасында химиялық ұстау блогының шатырын бөлшектеу кезінде биік жерде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан «Қазмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері құлады», - деп хабарлады Qarmet АҚ баспасөз қызметі.
Өкінішке орай, 2005 жылы туған Д. Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю. Самойлов алған жарақаттан қайтыс болды.
Сондай-ақ, компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.