Президент комаға түскен сарбаздың ісін мұқият тергеуді тапсырды
17 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: akorda.kz
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысып, мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар