Полицейлер вандализм жасаған күдіктіні анықтады

Фото: Polisia.kz
Ақмола облысында полиция вандализм жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заң бұзушылық 26 қазанда тіркелді. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Полиция оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
»Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады