00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер ірі есірткі зертханасын жойды

2 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Полицейлер ірі есірткі зертханасын жойды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Іс-шара барысында саяжай аумағында ақ түсті ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелген.

«Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан астам прекурсор және 10 келіден астам дайын есірткі – альфа-PVP тәркіленді», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар:

- прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке;

- сұйықтығы бар 35 шыны паллет, олардың құрамында кептіру сатысындағы психотроптық зат болуы мүмкін деген күдік бар;

- белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр;

- ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап; сүзгілері бар 5 газтұтқыш;

- жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуумды пакет; есірткі жасауға арналған жабдық (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесінің металл бөлшектері);

- таразылар, телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекетке қолданылған басқа да заттар бар.

Бұл операцияның нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің шығуына тосқауыл қойылды.

Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.