00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Павлодарда адам өлтіріп, денесін суға батырып жіберген азаматқа үкім шықты

12 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Павлодарда адам өлтіріп, денесін суға батырып жіберген азаматқа үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтірген азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екі азаматтың арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.

«2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б. есімді азамат жанжал кезінде К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген», – деп көрсетті соттың баспасөз қызметі.

Жауапкердің кінәсі сотталушының өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

«Қылмыскер бұрын сотталған және түрмеде жазасын өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.