Отыз жылдан астам бой тасалап жүрген күдікті Павлодарда ұсталды
27 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: Бақтыгүл Бурбаева
Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info
Солардың бірі 33 жыл бойы істеген қылмысының жауапкершілігінен қашып жүрген Қырғызстан азаматы.
1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды. Сондай-ақ біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған тағы бір азамат Ресей Федерациясының Тюмень қаласында құрықталды, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Ұқсас жаңалықтар