Отандық әуекомпания Түркістан-Самарқанд бағытындағы рейстерді күзге дейін ұзартты

22 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Отандық әуекомпания Түркістан-Самарқанд бағытындағы рейстерді күзге дейін ұзартты
Фото: Оңалхан Өнерхан

VietJet Qazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы Түркістан-Самарқанд-Түркістан бағытындағы рейстерді 2025 жылғы 25 қазанға дейін ұзартты, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуекомпанияның мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап рейстер жаңартылған кесте бойынша орындалады, бұл жолаушылардың сапарын жайлы әрі тиімді етеді.

Жұма және жексенбі күндері:

Түркістан-Самарқанд бағытындағы IQ 509 рейсі: ұшу уақыты – 12:45, келу уақыты – 14:15;

Самарқанд-Түркістан бағытындағы IQ 510 рейсі: ұшу уақыты – 15:05, келу уақыты – 16:30.

Бір бағытқа билет бағасы 14 000 теңгеден басталады.

Сонымен қатар келесі транзиттік бағыт қолжетімді:

Астана-Самарқанд (Түркістан арқылы): ұшу уақыты – 09:30, келу уақыты – 14:15;

Самарқанд-Астана (Түркістан арқылы): ұшу уақыты – 15:05, келу уақыты – 19:20.

Бір бағытқа билет бағасы 41 000 теңгеден басталады.

«Жазғы навигация кезеңінде бұл бағыт қазақстандық және өзбекстандық жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие болды.

Бұл рейстерді күзгі маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Тұрақты әуе қатынасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризмнің, мәдени және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді», - дейді әуекомпаниясының өкілдері.