00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанайда бюджет қаржысын жымқырған жаттықтырушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

1 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қостанайда бюджет қаржысын жымқырған жаттықтырушының үстінен қылмыстық іс қозғалды
фото: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысының прокуратурасы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушысының 6 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды.

«Ұрланған бюджет қаражаты 5,9 млн теңгені құрады. Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аударып, ол жерден ай сайын 9,6% пайыздық мөлшерлемемен сыйақы алған. Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңгені құрады», - делінген Қостанай облысының прокуратурасының хабарламасында.

Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің  1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады.

«Санкция баппен алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.