00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда гонконг тұмауы тіркелді

15 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда гонконг тұмауы тіркелді
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2 түрғынның А/H3N2 типті тұмау жұқтырғанын растады, деп хабарлады Elorda.info.

Биылғы эпидемиологиялық маусымның 45-аптасында А/H3N2 типті тұмаудың 2 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық. Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымның 40-шы аптасынан бастап тұмаудың В типі және А типі /H3N2 айналымда болған, барлығы 96 жағдай тіркелген, оның ішінде В типі - 95, А/H3N2-1 жағдай, - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, СЭС мамандарының айтуынша, қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары, атап айтқанда риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар тіркелген.