Үндістанның әскери дәрігерлері тактикалық ұрыста жаралыларды күту курсын ұйымдастырды
Алматыдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығында Үндістан Республикасының әскери қызметшілері орта медициналық персоналға дәрістік практикалық сабақтар өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Үнді әріптестерімен ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының бастығы полковник Тимур Ошақбаев кездесті.
«Үндістан Бас медициналық госпиталінің және Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының өкілдері подполковник Кумар Катияр мен подполковник Сингх Шрикантқа әскери медицина мамандарын даярлау және мекеме бойынша таныстыру туры тақырыбында брифинг өткізді. Тараптар Әскери медицина орталығын оқу материалдарымен жабдықтау мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.
Орта медициналық қызметкерлермен тактикалық шайқаста жаралыларды күту курсы барысында әскери-далалық көмек көрсету ережелері қаралды. Жауынгерлік жарақаттарды бағалауға, естен танып қалған жағдайын анықтауға, көмек көрсету кезінде қан айналымын және қан ағуын бақылауға назар аударылды. Гипотермияның алдын алу, сынықтарға, бас пен көздің жарақаттарына көмек көрсету әдістері зерттелді. Сондай-ақ жаралыларды эвакуациялауға дайындық, байланыспен қамтамасыз ету және құжаттаманы ресімдеу мәселелері пысықталды.