00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Найзағай ойнап, дауыл соғып, жел күшейеді,

26 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Найзағай ойнап, дауыл соғып, жел күшейеді,
фото: Оңалхан Өнерхан

 «Қазгидромет»  синоптиктерінің болжамы бойынша, бүгін еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Elorda.info

Cиноптиктер атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін екенін айтып ескертуде.  

Нақтырақ айтқанда, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады Сондай-ақ, солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысында облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше  төтенше өрт қаупі бар,-деп жазды «Қазгидромет»

Еліміздің кейбір аймақтарында өрт қауіпсіздігі сақталып тұр. 

Сонымен қатар, Алматы облысының солтүстік жартысы мен  Жетісу облысында жоғары өрт қаупі саөталады.. Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды ​​облысының орталығында өрт қаупі жоғары.