МКК: Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін
фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы «Озинки» автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті. Соған байланысты шектеулер болуы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін. «Тасқала» автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру керек», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
Бүгін, 12:30
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
Бүгін, 08:51
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
