Министрлік астаналықтардың ұялы телефонында қосылған дабылға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Цифрлық даму министрлігі бүгін астаналықтардың ұялы телефонында қосылған дабылға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды.
Қазіргі уақытта Астана қаласының Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді.
Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады