00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мереке қарсаңында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді

Мереке қарсаңында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: polisia.kz

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Әдеттегідей жаңа жылдық мерекелер қарсаңында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды. Дегенмен кейбір азаматтар мереке күндері әртүрлі заң бұзушылықтарға жол береді.

«Полицейлер үшін қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша әрқашан нақты міндет бар. Біз құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, «нөлдік төзімділік» және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мереке күндері көптеген адамдар көшеде жүргендіктен, біздің басты міндетіміз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деп атап өтті Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Шакиров. 

Көптеген заң бұзушылықтардың арасында алаңдаушылық туғызатындар бар – бұл мас күйінде ұйықтап кету. Тәртіп сақшылары көшеде ұйықтаудың салдары қайғылы болуы мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, жыл басынан бастап облыс аумағында полицейлер 3 399 азаматты медициналық айықтырғышқа жеткізген. Бұл тәртіп сақшылары үшін күрделі мәселе.

«Егер сіз қыста адамның жерде, дүкенде ұйықтап жатқанын көрсеңіз, дереу «102» арнайы желісіне хабарласыңыз. Сонымен қатар заңды бұзбауды және айналадағыларға құрмет көрсетуді сұраймыз», - делінген хабарламада.