Елімізде телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Бүгін, 12:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Фото: freepik

16 шілдеде телерадиоарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, телевизиялық және радио хабарларын үздіксіз әрі сапалы тарату мақсатында тоқсан сайын спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдары тексеріледі.

«2025 жылғы 16 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді тоқтата отырып, жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар кезінде Қазақстан бойынша телерадиоарналардың таратылымы уақытша тоқтатылады», - деп жазылған хабарламада.

«Қазтелерадио» азаматтарға түсіністік танытқаны үшін алдын ала алғыс айтып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.