ҚМДБ намаз уақытының өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады
27 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады, деп хабарлады Elorda.info.
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады, - делінген хабарламада.
Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:03
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
Бүгін, 17:13
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін, 16:19
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті
Бүгін, 15:24
Көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды