Мамырдағы мереке күндері пойыздар 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады
15 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
1 және 9 мамыр аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 317 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Тасымал компаниясының мәліметінше, жолаушылар 7 және 9 мамыр аралығында сапарға жиі шыққан. Бұл күндері 112 мың жолаушы тасымалданды. Мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей бағыттары бойынша жүретін пойыздар сұранысқа ие болды.
Пойыздың басқа көлік түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Теміржол көлігі кез келген ауа райында тасымалдауға дайын.
Айта кетейік, жыл сайын ҚТЖ қызметін 13,5 млн-нан астам жолаушы пайдаланады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді
19 қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік промо-ролик түсірген мобилограф анықталды