Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақыты ұзарды
Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлады Elordainfo.kz Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.
«Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.