Малайзиядан Қазақстанға келушілер қатары бір жылда 5 есеге артты

Малайзиядан Қазақстанға  келушілер қатары бір жылда 5 есеге артты
Фото: Freepik

2024 жылдың қорытындысы бойынша Малайзиядан келген қонақтар қатары бес есеге артты, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Өткен жылы елімізге Малайзиядан 17 мыңнан астам адам келді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 343 мейманды құраған. Сингапур мен Индонезия тұрғындары арасында да Қазақстанға қызығушылық артып келеді. Алматы бағытына сұраныстың жоғары болуына байланысты малайзиялық әуе компания рейстердің жиілігін аптасына 5 ретке дейін арттырды.
 

 «Қазақстан туристер үшін ғана емес, халықаралық бизнес үшін де тартымды бағытқа айналып келеді. Куала-Лумпур мен Алматы арасында тікелей әуе байланыстың ашылуы туристік және іскерлік қарым-қатынастарға жаңа мүмкіндіктер ашты.  Мыңдаған саяхатшылар еліміздің көркем табиғатымен және бай мәдениетімен танысуда»,-  деп атап өтті «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шырын Мусина.