Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Ұлытау ауданының аумағында төрт браконьер ұсталып, олардан қару және ақбөкеннің еті мен мүйізі тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтаған.
Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген polisia.kz. хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:05
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайлы фильм көрерменге жол тартады

Бүгін, 10:27
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады

Бүгін, 10:08
Елімізде оқушылар арасында алғаш рет қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

16 қазан, 2025
Республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолы пайдалануға берілді