Ұлттық ұлан жауынгері Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ұлттық ұлан жауынгері Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
Фото:ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Астанада еркін күрестен Қазақстан Республикасының кубогы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл байрақты бәсеке – еліміздің ең мықты балуандары бас қосатын, ұлттық құрама сапына іріктеу жүргізілетін маңызды спорттық шаралардың бірі. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Осы дүбірлі додада Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің қызметкері , қатардағы жауынгер Оспанов Әділ бақ сынады. Ол 61 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс – тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл әскери бөлімнің, Ұлттық ұлан сапындағы жауынгерлердің мерейі мен мақтанышы.

Бұл жетістік спортшыға болашақтағы ірі халықаралық додаларға жол ашып, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.