00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Әлеуметтік инспекторлар биыл 2,4 мыңнан астам тексеру жүргізді

28 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Әлеуметтік инспекторлар биыл 2,4 мыңнан астам тексеру жүргізді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Жыл басынан бері барлық өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 474 тексеру жүргізді. Оның 629-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 655-і жоспардан тыс, 1 190-ы прокуратураның талабы бойынша, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 949 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 215,8 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 961 әкімшілік жаза қолданылды.

«Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 174, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 99, ДК – 49, мектептер – 802, дүкендер – 21, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 110, мәдениет үйі – 12, мұрағаттар, мұражайлар – 12, банктер – 12, балабақшалар – 468, колледждер, лицейлер – 144, кафелер, мейрамханалар, қонақүйлер – 33, нотариустар – 4, мемлекеттік мекемелер – 114, ауруханалар, емханалар – 88, санаторийлер – 8, сауда үйлері – 39, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері – 9, полиция пункттері – 8, стомалогия – 4, оңалту орталықтары – 11, автобус паркі, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 9, кітапхана – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 16 және басқалар қамтылды», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.