00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды

7 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды
коллаж Elordainfro.kz

Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі негізінде ұзақ жылдар бойы игерілмеген 55 млн теңгені құрайтын 851 гектар жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік - 50 млн теңгеге 9 гектар, жайылымдық - 5 млн теңгеге 842 гектар) мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды. Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңгенің 7069 гектарды құрайтын 158 жер учаскесі (оның ішінде кәсіпкерлік – 13,4 млн теңгеге 6712 гектар, жайылымдық - 150 млн теңгеге 357 гектар) анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда аталған жер учаскелеріне қатысты уәкілетті органмен нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.