00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімі өзгеріссіз қалды

26 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімі өзгеріссіз қалды
фото: ҚР Жоғарғы Соты

Астанада апелляциялық сот алқасы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады Elorda.info Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.

Бишімбаевтың адвокаттары «Аса қатігелдікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді, ал азаптау бойынша айыпты алып тастауды сұраған болатын.

Естеріңізге саламыз, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын. Ал Бақытжан Байжанов 4 жыл бас бостандығынан айырылған.